АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Көкшетауда әйел супермаркеттен бірнеше рет азық-түлік ұрлаған, деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Дүкен директоры полицияға белгісіз әйелдің үстінен арыз жазған. Ол бесінші қарашадан бері ұры 171 мың 003 теңге шығын келтіргенін көрсеткен.
Тергеу барысында әйел бір ай бойы дүкенге келіп, күдік тудырмау үшін азын-аулақ зат сатып алып, сөредегі тауарларды тонап келгені анықталды. Ол дүкендегі азық-түлікті жасыру үшін жасанды қарын жасап алған.
Тыңшылар аталған қылмысты жасағаны үшін 37 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті әйел ұрлық жасауды кәсіпке айналдырып алған болып шықты.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 118-бабы 1-бөлімі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.