Өңірлер

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтубұршақ
бұршақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей өңірде жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін, кей облыста қатты ыстық сақталды

АСТАНА, 14 шілде — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін, тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Республиканың кей өңірінде жел күшейіп, солтүстікте  және орталықта тұман болады.

дабылды ескерту - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Дауыл, бұршақ, найзағай: 7 облыста дабылды ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысының  кей жерінде күндіз желдің екпіні 25 м/с –ке дейін жетеді, кей жерде дауыл, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. 

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с, күндіз бұршақ түсуі мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Қарағанды облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің екпіні 15-20  м/с, түнде және  таңертең  тұман болады.

Жамбыл, Алматы Қызылорда облыстарының  кей жерінде желдің күші 15-22 м/с болады.

аспан - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер 16 шілдеге дейін ауа райы қандай болатынын айтты

Атырау облысының басым бөлігінде, Алматы, Жамбыл,  Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде қатты ыстық сақталады. 

Маңғыстау облысында, Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл  облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтар
0