АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
"Тропосфералық процестердің қайта құрыла басталуы Сирия және Ирак аймағынан ыстық ауа массаларын Қазақстанның батыс бөлігіне және республиканың оңтүстігіне әкеледі", — деп хабарлайды синоптиктер.
Оның ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады, температура плюс 40…43°С дейін қайта көтеріледі.
Ал республиканың шығыс бөлігіне Сібірден салқын және дымқыл ауа біртіндеп түсе бастайды. Сондықтан мұнда жылы ауа-райы сақталады, кей жерлерде найзағай, екпінді жел мен өткінші жаңбыр болжанады.
Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын болады, бірақ батыс облыстарда қалыпты нормадан 3…7°С жылырақ болады.