Өңірлер

Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті

© Sputnik / Константин ЧалабовБалалар
Балалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиғалар Приозерск және Сәтпаев қалаларында болған, балалар ауруханада

ҚАРАҒАНДЫ, 13 шілде — Sputnik. Қарағанды облысында бір тәулік ішінде екі бала көпқабатты үй терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik NV.kz басылымына сілтеме жасап. Екі жайт та кеше болған.

Терезенің алдында тұрған бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көкшетауда үш жасар бала терезеден құлап кетті

Приозерск қаласында кішкентай қыз ересектердің қарауынсыз қалып, төртінші қабаттағы балконнан құлап кеткен. Қазір ауруханада жатыр, жағдайы туралы мәлімет жоқ.

Сәтпаев қаласында екі жасар бала бірінші қабаттағы терезеден құлаған. Ол да аурухана жатқызылды.

Қарағанды облысында 28 маусым мен 2 шілде аралығында бес терезеден құлапты. Екеуі қаза тапқан.

Бесінші қабаттан құлаған екі бала аман қалды

Жаңалықтар
0