Өңірлер

Көкшетауда үш жасар бала терезеден құлап кетті

© Photo : paolatinaТерезенің алдында тұрған бала
Терезенің алдында тұрған бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Трагедия баланың анасы бөлмеден шығып кеткен кезде болған

АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Көкшетауда үш жасар бала тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik тілшісі құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Көпқабатты үй - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада жас жігіт бесінші қабаттан құлап қаза тапты

Трагедия жексенбі күні, 1 шілдеде Көкшетаудағы көпқабатты үйде болған.   

"Бала 2015 жылы туған. Ол анасы бөлмеден шығып кеткен сәтте үшінші қабаттың терезесін ашып, құлап түскен. Бала Ақмола облыстық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізіліп, ота жасалды. Алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмады", — деді сұхбат беруші.

Көз жұмған баланың анасы Көкшетаудағы туыстарына Астанадан қонаққа келген екен.  

Жаңалықтар
0