Спорт

Хорваттар жеңіс голын тойлап жатқанда, Англия құрамасы қулық жасамақ болды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуХорватия - Англия
Хорватия - Англия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәрсенбі күні Хорватия құрамасы қосымша берілген уақытта Англия командасын ұтып, әлем чемпионатының финалына өтті

АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. Әлем чемпионатының жартылай финалында 110-шы минутта ағылшындар хорваттардың жеңіс голын тойлап жатқанын пайдаланып, тездетіп есепті теңестірмек болған. Бұл эпизод матчтың ресми трансляциясында көрсетілмеді, бірақ ӘЧ-2018 ресми Twitter-аккаунтында жарияланған, деп хабарлайды РИА Новости.

Хорватия - Англия - Sputnik Қазақстан
Спорт
Тарихта алғаш рет: Хорватия құрамасы ӘЧ 2018 финалына өтті

Хорваттар жеңіс голын соққаннан кейін, ағылшындар алаңның ортасына беттейді. Қарсыластың әлі тойлап жатқанын көріп, Маркус Рэшфорд пен Джесси Лингард ойынды тез бастап, хорват қақпасына қарай ұмтылған. Алайда төреші олардың бұл әрекетіне тосқауыл болды.

Ережеге сәйкес, допты алаң ортасынан ойынға қосу үшін, ойынды бастайтын команданың алаңында қарсыластың бірде-бір футболшысы болмауы тиіс. Ағылшындар хорваттардың Марио Манджукичті құттықтау үшін алаңды тастап кеткенін пайдалануға тырысқан. Алайда Хорватия құрамасы ойыншыларының бірі бұл ережені жадында сақтап, Англия алаңынан кетпей тұрыпты. Сөйтіп, ағылшындардың бұл қулығы іске аспай қалды.  

Сәрсенбі күні құрамасы қосымша берілген уақытта Англия командасын ұтып, әлем чемпионатының финалына өткен болатын. Кездесу 2:1 есебімен аяқталды.

15 шілдеде "Лужники" стадионында ақтық сында хорваттар Франция құрамасымен кубокқа таласады. Бір күн бұрын Санкт-Петербургте Англия-Бельгия құрамалары ойнайды.

Футболдан әлем чемпионаты туралы барлық ақпаратты Sputnik материалдарынан оқыңыз

Жаңалықтар
0