Спорт

Тарихта алғаш рет: Хорватия құрамасы ӘЧ 2018 финалына өтті

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуХорватия - Англия
Хорватия - Англия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Хорватия құрамасы финалда Франция командасымен ойнайды

АСТАНА, 12 шілде — Sputnik. Хорватия футбол құрамасы Ресейдегі әлем чемпионатының қосымша берілген уақытында Англия командасын ұтып, финалға шықты, деп хабарлайды РИА Новости.

© Sputnik / Рамиль СитдиковФутбол. ӘЧ-2018. Англия-Хорватия матчы
Футбол. ӘЧ-2018. Англия-Хорватия матчы - Sputnik Қазақстан
Футбол. ӘЧ-2018. Англия-Хорватия матчы

Мәскеудегі "Лужники" стадионындағы матч 2:1 есебімен аяқталды. Ағылшындардан Киран Триппьердің 5-минуттағы голына хорваттар Иван Перишичтің қақпаға дөп соққан добымен жауап берді. Ал қосымша берілген уақыттың 109-минутында Марио Манджукич командасына жеңіс голын сыйлаған.

© Sputnik / Рамиль СитдиковФутбол. ӘЧ-2018. Англия-Хорватия матчы
Футбол. ӘЧ-2018. Англия-Хорватия матчы - Sputnik Қазақстан
Футбол. ӘЧ-2018. Англия-Хорватия матчы

Финалда 15 шілде күні Хорватия құрамасы "Лужники" стадионында Франция командасымен әлем кубогына таласады. Бір күн бұрын Санкт-Петербургте Англия және Бельгия құрамалары 3-орын үшін ойнайды.

© Sputnik / Алексей ФилипповФутбол. ӘЧ-2018. Англия-Хорватия матчы
Футбол. ӘЧ-2018. Англия-Хорватия матчы - Sputnik Қазақстан
Футбол. ӘЧ-2018. Англия-Хорватия матчы

Хорватия құрамасы тарихта алғаш рет әлем біріншілігінің финалына шығып отыр.

Жаңалықтар
0