АСТАНА, 12 шілде — Sputnik. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің аспирантының ұсталуына қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"1992 жылы туған қазақстандық, Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің аспиранты 30 маусымда ұсталды. Тергеу тағы бір ай жүреді, 30 тамызға дейін қамауда болады. Ата-анасы адвокат жалдады", — деді Sputnik тілшісіне министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.
Айта кетейік, ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары 26 жастағы қазақстандықтың оқу орнының әжетханасында оқытушыға пышақпен тап бергенін хабарлаған еді. Оқиға 29 маусымда болған.
Қазақстандық 28 жастағы медициналық-техникалық ақпараттық технологиялар кафедрасының ассистентінің қарнына және иығына пышақ тығып, қашып кеткен. Зардап шеккен оқытушы ауыр хәлде аурухана жеткізілді.
Болған жағдай университеттің бақылау камерасына түсіп қалған. Жігіттің не себепті оқытушыны пышақтағаны әзірге белгісіз.