Оқиға

Танымал қазақстандық блогер футболдан әлем чемпионатына бара жатып опат болды

CC0 / Free-Photos / Сынған әйнек
Сынған әйнек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сұңқар Килаж М-5 Москва—Челябинск тас жолында қаза тапты. Жігітті Петропавлда жерлеген

АСТАНА, 12 шілде — Sputnik. Stence деген атпен көпшілікке танымал қазақстандық блогер Сұңқар Килаж әкесі және немере інісімен бірге Ресейде жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Ura.ru басылымына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, оқиға 6 шілдеде болған. Көлік апаты Челябі облысы Сим қаласына жақын маңда М-5 Москва—Челябинск тас жолының 1592-ші километрінде тіркеліпті.

Алматыда жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізуші опат болды

Бастапқы мәліметке сүйенсек, блогер отырған көліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жүк көлігімен бетпе-бет соғылған. Қатты соққыдан көлік жана бастапты.

© Photo : Әлеуметтік желіден скринМарқұм Сұңқар Килаж
Марқұм Сұңқар Килаж - Sputnik Қазақстан
Марқұм Сұңқар Килаж

Өртке оранған көліктен қаза тапқан үш адамның денесі табылды. Басылымның жазуынша, жігіт туыстарымен әлем чемпионатына бара жатқан.

"Бұл қайғылы жайтқа сену қиын. Әлбетте, бәріміз Сұңқарды ақ жарқын, ақ көңіл адам ретінде білеміз, үнемі күлімсіреп, жадырап жүретін. Бойында қуаты тасып, рахаттанып өмір сүргісі келетін, ешқашан қол қусырып отырмайтын. Алайда 06.07.18 түнде болған қайғылы оқиғадан кейін оның биік мақсаттары енді орындалмайды. Сұңқар, әкесі және немере інісі мінген көлік белгісіз жағдайда жантүршігерлік жол апатына ұшырап, үш жолаушының да опат болды", — деп жазды қолданушылар "ВКонтакте" желісінде Сұңқарды еске алуға арналған топта.

9 шілде күні жігітті соңғы сапарға шығарып салды. 

Сұңқардың YouTube желісінде Stence Show атты арнасы бар еді, ол компьютер ойындарының видео талдауын жариялап отыратын.

Жаңалықтар
0