АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль Альварес пен оның командасы туралы бар ойын жасырмай айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
"Екінші жекпе-жек менен гөрі Альварестің өзіне қажет болды, өйткені қанша фанаттарынан айырылып отыр. Допинг туралы бәрін білетін. Ол ақылды жігіт, айыбы бар екенін түсінеді. Бірақ енді оған деген көзқарасымыз өзгерді. Оның қылығы, яғни допинг спортқа зиянын тигізеді. Өзін осындай жағдайға қалдырған адамдармен жұмыс істеуді тоқтатуы керек еді – бұл оның кейбір жайттарды түсінбейтінін көрсетеді. Сый-құрметті білмейтін болса, "Канело" командасы HBO және басқа адамдармен қалай қарым-қатынас жасамақ? Олар өзіне қолдау білдіргендерді ақымақ болып көрінуге мәжбүрлейді", — дейді Головкин.
GGG — "Канело" қарымта жекпе-жегі биыл 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena рингінде өтеді.