Спорт

Головкин IBF титулын қайтарып алуы мүмкін

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
IBF белбеуін иеленетін жаңа әлем чемпионы "Канело" - GGG рематчының жеңімпазымен кездеседі

АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. Америкалық Дэниэл Джейкобс пен украиналық Сергея Деревянченконың менеджері Кит Коннолли боксшылардың IBF титулы үшін өткізетін жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин чемпиондық белбеуінен ресми түрде айырылды

Спортшылар бұрын Геннадий Головкинге тиесілі болған белбеу үшін қазан немесе қарашада Нью-Йорк қаласында айқасады. Сонымен қатар Коннолли жаңа чемпион алдағы уақытта Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жектің жеңімпазына қарсылас болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.   

"Дэнни мен Сергей арасындағы мәміле аяқталғанына қуаныштымын. Олар бір-бірімен жұдырықтасқысы келмейтіні жайлы көп сөз болғанын білемін. Алайда чемпиондық титул бәске тігілетіндіктен екеуінің де мұндай жекпе-жектен бас тартқысы келмей отыр. Қос спортшы да – өз ісінің шебері, бұл жылдың ең үздік жекпе-жектерінің бірі болуы мүмкін деп ойлаймын. Жеңімпаз "Канело" — GGG айқасының жеңімпазымен кездесуге кезекке тұруы тиіс болады", — деп ESPN Конноллидің сөзінен үзінді келтірді.  

Жаңалықтар
0