Оқиға

Алматыда жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізуші опат болды

© SputnikРайымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында мотоциклші көз жұмды
Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында мотоциклші көз жұмды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мотоцикл жүргізушінің шлемі қатты соққыдан бірнеше бөлікке бөлініп қалды, ер адам сол жерде көз жұмды

АСТАНА. 11 шілде — Sputnik. Алматыда Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды. 

Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Олжас Сүлейменовтің немересін қай дөкейдің қызы қаққаны белгілі болды

Куәгерлердің айтуынша, Toyota RAV4 Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатқан. Шетел көлігінің жүргізушісі Емцов көшесінде солға қарай бұрылған. Осы кезде шығыс бағытта Honda маркалы мотоцикл келіп қалған. Неге екені белгісіз, мотоцикл жүргізуші бағдаршамның қызыл түсін елемей, бар жылдамдықпен Toyota көлігіне соғылған. Осыдан кейін мотоцикл жаяу жолға ыршып түскен, оның жүргізушісі жиектасқа баспен құлап, қатты соққыдан оның шлемі бірнеше бөлікке бөлініп қалды. Мотоцикл шамамен 30 метрге ұшып түскен.

© SputnikМотоциклшінің сынған шлемі
Мотоциклшінің сынған шлемі - Sputnik Қазақстан
1/2
Мотоциклшінің сынған шлемі
© SputnikРайымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында мотоциклші көз жұмды
Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында мотоциклші көз жұмды - Sputnik Қазақстан
2/2
Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында мотоциклші көз жұмды
1/2
Мотоциклшінің сынған шлемі
2/2
Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында мотоциклші көз жұмды

Апат салдарынан 28 жастағы мотоцикл жүргізуші жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.    


Жаңалықтар
0