АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. Латвия полициясы Қазақстанның саяси қайраткері Аслан Мусиннің ұлы Асылбектің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді тоқтатты, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы.
"Қылмыстық іс қылмыс құрамының жоқтығына байланысты жабылды", — деп хабарлайды СІМ Латвияның құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Асылбек Мусин былтыр 22 желтоқсанда қаза тапты. Латвия полицейлері ол өз-өзін өлтірді деген болжам айтқан.
Ислам ағымдарының бірін ұстанушы Асылбек Мусиннің өлімі туралы әлеуметтік желілерде хабарланды. Ол діни тақырыптағы видеороликтері мен ел алдында сөйлеген сөздері арқылы Қазақстанда көпшілікке танымал.
2018 жылы ақпанда Аслан Мусин қолдау танытып, қайғысына ортақтасқан қазақстандықтарға алғысын білдірді. Видеоүндеуінде Аслан Мусин марқұм ұлының ғылыми мұрасын мақтан тұтатынын атап өтті.