Қоғам

Асылбек Мусин Латвияда көз жұмды – СІМ

© Photo : официальный аккаунт МИД Казахстана в FacebookСІМ
СІМ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аслан Мусиннің ұлының қазасы туралы ақпарат 27 желтоқсанда Желіде тараған болатын

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі президент әкімшілігінің бұрынғы басшысының ұлы Асылбек Мусиннің көз жұмғаны туралы ақпаратты растады.

"Латвия астансы Ригада Асылбек Мусиннің қайтыс болағанын растаймыз. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда, кейінірек мәлімет береміз", — деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Мусиннің қазасы туралы ақпарат Желіге тарап кеткен болатын. Жарияланған деректерге сәйкес, президент әкімшілігінің бұрынғы басшысының ұлы желтоқсанның 23-інен 24-іне қараған түні 15-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, қаза тапқан.

Полиция суицид болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды, өйткені екі ай бұрын сол пәтердің терезесінен марқұмның азаматтық некедегі әйелі секіріп, көз жұмған.

Таратылған ақпараттың шындыққа қаншалықты жақын екенін СІМ нақты айтқан жоқ.

Асылбек Мусин дін тақырыбында көптеген дәріс оқып, бейнероликтер түсірген.

Асылбек Мусиннің әкесі — Аслан Мусин — 2008-2012 жылдары Қазақстан президентінің әкімшілігін басқарған. 2014 жылы Аслан Мусин Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды, ал 2017 жылы зейнет жасына келгеніне орай, қызметтен босатылған.

Жаңалықтар
0