Өңірлер

Оралда шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін берген жігіт үйленді

© Sputnik / Александр АльтманАбзал Әділовтың таңдауы Әйгерім атты шымкенттік қызға түсіпті
Абзал Әділовтың таңдауы Әйгерім атты шымкенттік қызға түсіпті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абзал Әділовтың таңдауы Әйгерім атты шымкенттік қызға түсіпті

АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Оралда өткен демалыс күндері шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін берген Абзал Әділовтың үйлену тойы өтті, деп жазды "Мой ГОРОД".

Дәрі тамызғыш - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Бүйрегін бейтаныс қызға сыйлаған жігіт ерекше құрметке бөленді

Белгілі болғандай, той алдында қайырымды адамдар өздері хабарласып, тегін қызмет көрсететінін айтқан. Осылайша, тамада, жүргізуші, видеооператор мен фотограф бір тиын да алмаған. 

Абзалдың таңдауы Әйгерім атты шымкенттік қызға түсіпті. Ол жас жігіттің мейірімділігі жайлы естіген соң, ойланбастан сүйіктісімен бірге алыстағы Орал қаласына еріп келген.    

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қазанында Абзал Әділов шымкенттік Жәмила Байсеріковаға бүйрегін берген болатын. Қыздың шұғыл бүйрегін ауыстыру қажет болғанда Абзал өз еркімен донор болды. Дегенмен жұмысқа орналаса алмай біраз қиындық көріпті. Оған бір жылдай уақыт 5 килограмнан артық көтеруге болмайтын болып шықты. Соған байланысты мамандығы бойынша жұмыс істей алмаған, ал биржада күзетшінің орны бос болмаған. Абзалдың айтуынша, өзі туралы мақала жарық көрген соң қала әкімдігі шақырып, күзетшінің жұмысын ұсынған.    


Жаңалықтар
0