Өңірлер

Бүйрегін бейтаныс қызға сыйлаған жігіт ерекше құрметке бөленді

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуДәрі тамызғыш
Дәрі тамызғыш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өз өмірін қатерге тігіп, өзгенің өмірін арашалап қалған Абзал Әділовке Шымкент жастары қаржы жинап берді

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik.   Шымкенттің жастары өз бүйрегін төсекке таңылған Жәмила Байсеріковаға сыйлап, өлімнен арашалаған Абзал Әділовке арнап „Жомарт жүрек„ концертін ұйымдастырды. Кештен түскен қаржы азаматқа табысталды. Осылайша ізгілікке жаны құмар азамат оңтүстік жұртшылығының ризашылығын алды, деп хабарлайды TVK.

Өз ағзасын басқаға беру барлық адамның қолынан келе бермейді. Ал осындай қайырымды іске үлкен батылдықпен кірісіп, өз бүйрегін сыйлаған Абзал Әділов бүгінгі ісімен көпке үлгі бола білді.

Операция - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкенттік бойжеткенге ешқандай туыстығы жоқ құрылысшы жігіт бүйрегін тегін берді
Оралдық жігіт Жәмиланың науқас екенін әлеуметтік желі арқылы біліп, өз көмегін ұсынуға ниеттенеді. Алайда Абзалдың отбасы алғашында бүйрегін бейтаныс қызға беруіне қарсы болған. Бірақ, кейіннен келісім білдіріп, рұқсатын береді. Осылайша батыстың тумасы екінің бірі бара бермейтін батыл қадамға барып, өз бүйрегін тегін береді. Ал операция Алматыдағы А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығында сәтті жасалады.

"Бағдарламаны қарап отырып жүрегім ауырды, мен де адам баласымын ғой, көмек көрсетуге бекіндім. Үй-ішіммен ақылдасып, осылай шешім қабылдадық. Қазір денсаулығым жақсы, бірқалыпты", — дейді Орал қаласының тұрғыны Абзал Әділов.

2014 жылы Жәмила Байсерікованың екі бүйрегі істен шығып, төсекке таңылады. 23 жастағы ару осыған дейін гемоднализдің көмегімен ғана өмір сүріп келген. Сәтті жасалған операцияның нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарған. Ал Абзалға дәрігерлер алғашқы жарты жылдықта жұмыс істеуге тыйым салып отыр.

Өз бүйрегін мүлдем бейтаныс қызға беріп, өзгеге „екінші өмір„ сыйлаған қазіргі заманның батырына Шымкент жастары осылайша алғыстарын білдірді.


Жаңалықтар
0