Әлем

Ташкентте "Қазақстанды" бұзып жатыр

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуТашкент. Архив
Ташкент. Архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ескірген кинотеатр қазіргі уақытта қауіпсіздік талаптарына жауап бермейді

АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Ташкентте Юнусабад ауданында «Қазақстан» кинотеатрын бұзып жатыр. 

Құжат салынған папкалар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақтөбеде 52 өзбектің өртеніп кетуіне қатысты тың дерек шықты

Қазіргі уақытта отыз жұмысшы ғимаратты құлатып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан. 

Бригада қызметкерлерінің айтуынша, кинотеатр ескіргендіктен, қазіргі уақытта қауіпсіздік талаптарына жауап бермейді. 

Кинотеатрды бұзу туралы шешімді Ташкент әкімдігі мақұлдаған. 

Оның орнына не салынатыны әзірге белгісіз. 

Әлеуметтік желідегі Tashkent Retrospective парақшасының мәліметіне сүйенсек, кинотеатр бұрын "Спутник" деп аталған. 600 орындық екі залы бар ғимарат 1959 жылы КСРО Мәдениет министрлігі кинотеатрларының типтік жобасы бойынша салыныпты. 

Жетпісінші жылдары Қазақ кеңестік социалистік республикасының 50 жылдығының құрметіне кинотеатр "Қазақстан" деп аталған. 

Өзбекстан қазағы: Атажұртқа оралуға асықпаймыз

Өзбектер Головкин мен Қайрат Нұртасты білмейді — видео

Көрші елде әншілердің тойда алатын гонорарына шектеу қойылды

Жаңалықтар
0