Қоғам

Ақтөбеде 52 өзбектің өртеніп кетуіне қатысты тың дерек шықты

© Sputnik / Рамиль СитдиковҚұжат салынған папкалар, архивтегі фото
Құжат салынған папкалар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автобустың өртенуіне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Ақтөбе облысының прокуратурасы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында автобустың өртенуі салдарынан 52 Өзбекстан азаматының қаза табуына байланысты істі сотқа жолдады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

5 адам айыпталушы деп танылды. Оның 3-еуі автобус жүргізушісі және "Азия транзит сервис" ЖШС 2 қызметкері – құрылтайшы мен серіктестіктің механигі. Аталғандардың міндеті – рейске шығар алдында автобусты тексеру.

Астана қаласының прокуратурасы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
52 өзбек өртеніп кеткен автобустың иесі қашып жүр: кім жауап береді?

"Компания құрылтайшысының әрекеті коммерциялық ұйымдарда міндеттеріне адал қарамау (ҚК-нің 254-бабы), екі және одан көп адамның қаза болуына әкеп соққан жарамсыз автокөлік құралын пайдалануға енгізу, сондай-ақ ресми құжатты қолдан жасау, көрінеу жалған құжатты пайдалану (ҚК-нің 385-бабының 1 және 3-бөліктері) ретінде сараланды", — деп жазылған хабарламада.

Механиктің әрекеті екі және одан көп адамның қаза болуына әкеп соққан жарамсыз автокөлік құралын пайдалануға шығару (ҚК-нің 348-бабының 4-бөлігі) ретінде, ал автобус жүргізушілерінің әрекеті екі және одан көп адамның қаза болуына әкеп соққан көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу (ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі) және екі және одан көп адамның абайсызда қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу (ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігі) ретінде сараланды.

 52 жолаушысы өртеніп кеткен автобус жүргізушілеріне қатысты сот шешімі шықты

Сот автобус жүргізушілеріне қамауда күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау, серіктестіктің басшысы мен механикке қатысты кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдады.

Автобус иесіне күзетпен қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы тағайындала отырып, халықаралық іздеу жарияланды.

Естеріңізге салайық, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Самара — Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды, барлығы Өзбекстан азаматы. 

Ташкент прокуроры 52 өзбектің өртеніп кетуін мысал ретінде келтірді 


Жаңалықтар
0