АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Шетелге шыққысы келген әрбір оныншы азамат үшін Қазақстан шекарасы жабылуы мүмкін. Оның себебі көптеген тұрғын салық бойынша қарызға ұшыраған, деп хабарлады Астананың мемлекеттік кірістер департаменті. Ведомствоның мәліметінше, бір ғана елорданың өзінде 70 мыңнан астам адам салық пен айыппұлды төлемепті.
Бұл статистиканың қалай жасалғаны айтылмаса да, "әрбір оныншы қазақстандықтың қарыз" екені аталып өткен. Салыстырcақ, еліміздің 10% халқы — Алматы қаласының тұрғындар санымен бірдей, яғни 1,8 миллион адам — салық бойынша қарызын төлемеген.
Астана МКД мәліметінше, Сарыарқа ауданында мың адам салық төлемеген, салдарынан кейбіреулер шетелге ұша алмапты.
Департаменттің кеңесі бойынша, шетелге аттанбас бұрын мемлекет алдындағы қарыздарын алдын ала тексеріп, еліміздің Салық кодексін мұқият сақтаған жөн.
Салық төлеуден қашқақтағандар ерекше деректер базасына тап болады. Қарызды тексеру үшін мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына кіруге болады, делінген хабарламада.
1 шілдеден бастап Салық кодексіне енгізілген түзетулер салық бойынша борышқорлардың өмірін айтарлықтай қиындатты. Бұдан былай банктер мен банк операцияларын ұсынатын ұйымдар салық төлемеген азаматтарға шот ашудан бас тартатын болады.