Экономика

Қазақстанда жаңа салық режимі енгізіледі

© Photo : Pixabay / EdarКалькулятор, архивтегі фото
Калькулятор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа салық режимі төрт төлемді біріктіреді

АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік даму министрлігі арнайы салық режимі – бірыңғай жиынтық төлемін енгізбек. Бұл туралы еңбек және халықт әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Пәтердің кілті - Sputnik Қазақстан
Экономика
Енді пәтерді жалға беретіндер екі есе аз салық төлейді

Министрдің айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды тіркеу шараларын жеңілдетіп, бейресми жұмыспен қамтылған xалықтың қызметін заңдастыру үшін жаңа арнайы салық режимі – бірыңғай жиынтық төлемі енгізіледі. 

"Ол төрт төлемді біріктіреді. Оған жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру жарналары кіреді. Бірыңғай жиынтық төлемі автоматты түрде қызметті тіркеуді, медициналық және әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жүйесіне қатысуды білдіреді. Бірыңғай жиынтық төлемі, ең бірінші, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылыққа, үй жұмыскерлеріне, сауда нысандарында арнайы орындары жоқ жеке тұлғаларға арналып отыр. Сондай-ақ, бұл төлем жалдамалы жұмыс күшін қолданбайтындарға бағытталады. Жаңа салық режимі жеңілдетілген және патент режимдерімен қатар жұмыс істейтін болады", — деді Әбілқасымова үкімет отырысында.


Жаңалықтар
0