Оқиға

Баянауылда жардан құлаған бала комаға түсті

© Photo : Управление предпринимательства, торговли и туризма Павлодарской областиБаянауыл
Баянауыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоғыз жасар бала мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен бір шақырым жерде жардан құлаған
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Баянауылда жардан құлаған бала комаға түсті, деп хабарлайды Sputnik өңірлік pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасай отырып. 
Сәби - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада анасы көз жұмған нәрестелердің бірі комаға түсті

Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен бір шақырым жерде жардан құлаған бала санавиациямен Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Демалыста зардап шеккен тоғыз жастағы баланың жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасында айтып берді.

"Бала санавиациямен Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның омыртқасы зақымданған және бас ми жарақатын алған. Қазіргі компьютер томографиясынан өтіп жатыр", — деді басқармадағылар.

Қайғылы жағдай туралы туризм бойынша нұсқаушы Марина Каримова хабарлаған болатын. 

"Аса жоғары биіктіктен құламаған, төменгі құлаған жерде тастар болған. Бала ата-анасынан бұрын алға қарай жүгіріп кетіп, жоғары көтерілген кезде тепе-теңдікті ұстай алмаған. Дәл қай жерде құлағанын білмеймін. Сол жерде болған жігіт көмектеспек болып баланы көтерген. Мұндай жағдайда олай әрекет етуге мүлдем болмайды. Баланы биіктен түсіру үшін көп күш жұмсауға тура келді", — деді ол. 

Жаңалықтар
0