Қоғам

Астанада анасы көз жұмған нәрестелердің бірі комаға түсті

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада жас босанған екі ананың өліміне қатысты денсаулық сақтау министрі пікір білдірді

АСТАНА, 29 маусым — Sputnik. Астанада №1 перинаталдық орталықта екі әйелдің көз жұмуына байланысты денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik.

Операция, архив - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жаңа босанған екі әйел көз жұмды

"Ең бастысы – сәбилерге дұрыс көмек беру керек. Балалардың бірі науқас, анасы босанған кезде сәби тұншығып қалған, соның салдары. Нәресте қазір ауыр хәлде комада, жасанды тыныс алдыру аппаратымен дем алып жатыр", — деді Біртанов жұма күні тілшілерге.

Екінші сәби шала туған, бірақ ем оң әсерін беріп, қазір беті бері қарап келеді екен.

"Екі жағдайда да әкелері қарап, көмектесіп жатыр. Көңіл айтқым келеді. Бүкіл медициналық жәрдем көрсетіледі, оны өзім қадағалаймын", — деп сендірді министр.

Оның айтуынша, көз жұмған әйелдер стационарда толық медициналық жәрдем алған, алайда сарапшылар "қандай да бір ағаттық жіберілгенін" тексеретін болады. Оның үстіне, босану кезінде әйел өміріне сәл де болсын қауіп төнеді, дейді денсаулық министрлігі басшысы.

"Баланы құтқарыңыз". Астанада көз жұмған әйелдің күйеуі министрден көмек сұрады>>

"Бастапқы деректер бойынша, олар мекенжайына байланысты емханаға қаралған. Дегенмен, қауіптің о баста болғанын дәлелдейтін жайттар бар. Бір әйелде мұның алдындағы жүктілік кезінде  дәл осындай патология болған. Орны толмас жағдай, екі отбасының да қайғысына ортақпыз", — дейді Біртанов.

Астананың №1 перинаталдық орталығында жас босанған екі ана көз жұмған.  Бірінші жағдай 21 маусымда болса, екіншісі – 25 маусымда. Қаза тапқан әйелдердің сәбилері аман-есен.

Жаңалықтар
0