Саясат

Қазақстан Каспий теңізіне әскерилер енгізуге қарсы

© Sputnik / Денис Абрамов / Медиабанкке өтуКаспий теңізі
Каспий теңізі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Каспийдің демилитаризацияланған аймақ болғанын қалайды

АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. Қазақстан Каспий теңізіне демилитаризацияланған мәртебе беруді қолдайды, деп мәлімдеді еліміздің сыртқы саясат ведомствосы басшысының орынбасары Роман Василенко.

Құжатқа қол қою - Sputnik Қазақстан
Саясат
Астанада Каспий мәртебесі туралы саммит құжатының жобасы мақұлданды

Қазақстанның ұстанымы бойынша, теңізге демилитаризацияланған мәртебе берілуі тиіс, деп хабарлады Василенко РИА Новости агенттігіне.

Оның сөзіне сүйенсек, Каспий бейбітшілік, өзара түсіністік және ынтымақтастық теңізі болуы тиіс.

Бұдан бұрын РФ президенті Владимир Путин Ресей үкіметінің теңіз мәртебесі туралы Конвенциясына қол қою туралы ұсынысын қабылдады. Жобаға сәйкес, конвенция қатысушылары Каспий теңізінде конвенция тараптарына тиесілі емес қарулы күштердің болмауы принципін сақтауы тиіс.

Каспий теңізін бөлісу: Ресей конвенцияға қол қоятын күнді ұсынды

Жаңалықтар
0