Өңірлер

Атбасар прокуроры неліктен қызметінен қуылғаны белгілі болды

© SputnikПортфелдің архивтегі фотосы
Портфелдің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас прокуратура Атбасар ауданының прокурорына қатысты қызметтік тексерісті аяқтады

КӨКШЕТАУ, 5 шілде — Sputnik. Ақмола облысы Атбасар ауданының прокуроры неліктен қызметінен босатылғаны белгілі болды, ол шулы қылмыстық істің тергелуін дұрыс қадағаламағаны үшін қызметтік креслосынан айырылды, деп хабарлады Sputnik-ке прокуратурадан.

Прокуратура - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атбасар прокуроры кісі қағып өлтірген жүргізушіні босатып жіберді

Бұған дейін ықпалды бизнесменнің ұлы Заур Дзейтов Атбасарда әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткенін жазғанбыз. Жол апатының видеосы желіде жарияланып, жұртшылықтың жаппай наразылығын тудырды. Полиция күдіктіні ұстап, қамауға алған. Сөйтіп, оған қатысты екі қылмыстық іс қозғалған болатын, алайда Атбасар ауданы прокурорының қаулысымен Дзейтов уақытша ұстау абақтысынан босатылды. Бас прокуратура Ахашевке қатысты қызметтік тергеу жүргізді.   

Негізінде Атбасар аудандық соты Дзейтовты екі айға қамауға алған еді. Сонымен бірге Ақмола облыстық соты адвокаттардың шағымына байланысты Дзейтовті үй қамақтан босатты.  

Бұған дейін Sputnik прокурор қызметінен босатылғанын хабарлаған болатын, алайда ол кезде себебі белгісіз болды.

Жүргізуші әйелі мен ұлын қағып кеткенін білмей, апат орнынан қашып кетті>>

Sputnik-ке Ақмола облысының прокуратурасы хабарлағандай, Қазақстанның Бас прокуратурасы Атбасар ауданының прокуроры К. Ахашевке қатысты қызметтік тексерісті аяқтады.  

Қызметтік тексеріс нәтижесінде, аудан прокуроры адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық істің тергелуін лайықты дәрежеде қадағаламағаны үшін қызметінен босатылды.  

Шымкентте 58 жастағы жүргізуші туған інісі мен келінін қағып өлтірді>>


Жаңалықтар
0