Өңірлер

Атбасар прокуроры кісі қағып өлтірген жүргізушіні босатып жіберді

© Sputnik / Максим МасловПрокуратура
Прокуратура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Прокурор әйел адамды қағып өлтірген күдіктіні босатып, жұртшылықтың наразылығын тудырды

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Қазақстан Бас прокуратурасы Атбасар ауданы прокурорына қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлады қадағалау ведомствосы Sputnik Қазақстанға.

Жүргізуші - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Кісі қағып өлтірген жүргізуші әлеуметтік желі арқылы табылды

Естеріңізге сала кетсек, бизнесменнің ұлы Заур Дзейтов Атбасарда әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол апатының видеосы Желіде жарияланып, жұртшылықтың жаппай наразылығын тудырды. Полиция күдіктіні ұстап, қамауға алған. Сөйтіп, оған қатысты екі қылмыстық іс қозғалған болатын, алайда Атбасар ауданы прокурорының қаулысымен Дзейтов уақытша ұстау абақтысынан босатылды. 

Негізінде Атбасар аудандық соты Дзейтовты екі айға қамауға алған еді. Ал Ақмола облыстық соты адвокаттардың шағымына байланысты Дзейтовты үй қамаққа жіберді.

Ақмола облыстық прокуратурасы берген мәліметке сүйенсек, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жүргізіп жатқан қызметтік тексеру нәтижесінде Атбасар ауданы прокуроры Ақашев К. С. әрекетіне баға берілмек.

Жаңалықтар
0