АСТАНА, 18 қазан — Sputnik. Қарағанды облысында интернет-қолданушылар мен бақылау камералардың арқасында Осакаров ауданда ер адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды.
Төтенше жағдай 8 қазанда таңертең ерте болған. Алматы-Екатеринбург тас жолында Осакаров ауданындағы Батпақ ауылында автокөлік қатты жылдамдықпен келіп, жолды тиісті емес жерден кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Жол апатын жасады деген күдікке қара түсті Mercedes көлігінің жүргізушісі ілінген.
Кісіні қағып кеткен соң жүргізуші зардап шегушіге жәрдем берместен оқиға орнынан қашып кетеді. Ер адам көп қан жоғалтып, ауыр жарақат салдарынан қаза табады. Қылмыстық жауапкершіліктен қашқан жүргізуші бірнеше сағатта Оңтүстік Қазақстанға жетіп, жасырынбақ болады.
Алайда полиция көлік туралы бағыттаманы әлеуметтік желіде тез таратып, қолданушылар танып қояды. Олар полицияға күдіктіні ұстауға көмектескен. Теміртау мен Қарағанды қалаларына кірер жерде орынатылған бақылау камералары да септігін тигізіпті.
Ұсталған азамат қылмысын мойындады, қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.