Өңірлер

Шығыс Қазақстанда жүк көлігі он жасар қызды қағып кетті

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыз бала телефонмен сөйлесіп, жолдан өтіп бара жатқан

АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Жүк көлігі он жасар қызды қағып кетті, ол әр түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Кісен, қамау - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағандыда студент қызды көлікпен қағып өлтірген полицей сотталды

Жол апаты Шемонаиха қаласында сағат екі кезінде болған. Көмір әкеле жатқан ГАЗ-53 жүк көлігі кішкентай қызды қағып кетіпті.

Болжам бойынша, он жасар қыз телефонмен сөйлесіп келе жатқан. Көлік келе жатқанын байқамай, жолды кесіп өтпек болыпты. Жол апаты болған жерде жаяу жүргіншілер өтуге арналған жер жоқ. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші ақырын келе жатқанымен, апаттың алдын алу мүмкін болмаған.

Басылымның жазуынша, бала жансақтау бөлімінде жатыр, жақ сүйегі сынып, асфальтқа құлағандықтан әртүрлі жарақаттар алған.

Жол апатына себеп баланың алаңғасарлығы мен жүргізушінің қызды байқауына кедергі жасаған бұта болуы мүмкін.

Сараптама нәтижесі бойынша, жүргізушінің қан құрамында алкоголь белгілері болмаған, тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0