Өңірлер

Қарағандыда студент қызды көлікпен қағып өлтірген полицей сотталды

© AP Photo / Richard DrewКісен, қамау
Кісен, қамау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалған, Саран қаласы ІІБ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі жазаланды

 

 

 

АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Жас қызды автокөлікпен қағып кеткен бұрынғы полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық соттың баспасөз қызметі. 

Қайғылы оқиға 2017 жылы 16 мамырда Университет және Мұқанов көшелерінің қиылысында орын алған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды гуманитарлық университетінің студенті Арайлым Исатай сағат 22.00 кезінде өз құрбысымен жатақханаға қайтып бара жатады. Қыздар өздеріне үйреншікті жолмен, жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен жолды кесіп өтпекші болады. Бірақ жолда кенеттен Mercedes автокөлігі келіп қалып, Арайлымның құрбысы артқа шегініп үлгереді де, көлік бар жылдамдығымен қызды басып кетеді де, оқиға орнынан жасырынады. Көліктің жүргізушісі учаскелік инспектордың көмекшісі болады. 

Қалалық бейнекамералардың жазбаларынан қыздың өліміне кінәлі жүргізушіні тауып алу мүмкін болады. Жүргізуші ол кезде ішімдік ішпеген. 

Соттың баспасөз қызметінің мәлімдемесі бойынша, жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі мен 347-бабына сәйкес жаза тағайындалып, сотталушы екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0