АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Азамат Ахметов ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.
"ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Азамат Ахметов ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.
Азамат Ахметов 1974 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын "Ауыл шаруашылығы экономисті-ұйымдастырушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999 жылы Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетті "Заңгер" мамандығы бойынша аяқтаған.
Қаржы министрлігінің құрылымында 2007 жылдан жұмыс істеп келеді.
2014–2017 жылдары — ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
2017 жылы — ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары.
2017 жылдан бүгінге дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасы лауазымында болды.