АСТАНА, 3 шілде – Spunik. Қоғамдық даму министрі болып Дархан Кәлетаев тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын", — деп жазылған президенттің жарлығында.
Еске сала кетейік, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қоғамдық даму министрлігі болып өзгертілген еді. Министрлікке Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.
Сенат депутат болған Дархан Кәлетаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып биыл сәуірде тағайындалған болатын.
Дархан Кәлетаев 1972 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл (Приозерное) кентінде туған.
1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді. 1996-1997 жылы ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін тәмамдады. Әр жылдары мемлекеттік қызметте басшылық қызметтер атқарған.
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды>>