Спорт

"Головкиннен күшті, "Канелодан" жылдам". Жас чемпион әлемді таңғалдыруда

CC0 / / Бокс рингі
Бокс рингі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Мексикалық Хайме Мунгия ойламаған жерден әлем чемпионын нокаутпен ұтқан болатын

АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. YouTube-тегі Villainfy Media каналы бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша мексикалық әлем чемпионы Хайме Мунгияның жаттығуынан видео жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин тағы да Альварестің алдында "кішіреюге" дайын екенін айтты

Роликке "Хайме Мунгия "Канелодан" жылдам және Головкинге қарағанда едәуір қарымды панчер. Барлығы сескеніп қалды" деген тақырып қойылған.

Естеріңізге сала кетейік, Мунгия Геннадий Головкиннің 5 мамырдағы жекпе-жегіне кандидаттардың бірі болды. Дегенмен Неваданың Атлетикалық комиссиясы 21 жастағы боксшыға мұндай жек-жек өткізуге рұқсат бермеді. 

Бір аптадан кейін Хайме бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Садам Алимен жұдырықтасуға мүмкіндік алып, ойламаған жерден америкалықты техникалық нокаутпен ұтты.  

Министр Қазақстанда Головкиннің жекпе-жегін өткізу туралы айтты>> 

Оскар де ла Хойя "Канело" – Головкин жекпе-жегіне болжам жасады>> 

Жаңалықтар
0