Спорт

Головкин тағы да Альварестің алдында "кішіреюге" дайын екенін айтты

© AP Photo / John LocherГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин – "Канело" рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді

АСТАНА, 1 шілде — Sputnik. Орта салмақтағы WBA Super, WBC және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қандай талабына көнуге дайын екенін айтты, деп хабарлады Sports.kz.

Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Оскар де ла Хойя "Канело" – Головкин жекпе-жегіне болжам жасады

"Канело" рингке соңында шыға алады. Сондай-ақ оны соңынан таныстыруы мүмкін. Алайда рингтен кім соңғы болып кететіні ғана маңызды, ол мен боламын!", – деп мәлімдеді Головкин.

Айта кетейік, 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен олардың алғашқы жекпе-жегінде де  Головкин әлем чемпионы болғанына қарамастан "Канело"рингке соңында шыққан еді. Алғашқы кездесу тең аяқталды.     

Головкин-Альварес рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста сағат 17:00-де (Астана уақытымен 16 қыркүйек, таңғы 06:00) басталады. 


Жаңалықтар
0