Әлем

Әлемде ең жылдам жойылып бара жатқан ұлт анықталды

CC0 / StockSnap / Ер адам баланың қолынан ұстап бара жатыр
Ер адам баланың қолынан ұстап бара жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болгарларды жер бетінен жылдам жойылып бара жатқан ұлт деп атады

АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. 29 маусым күні Болгария халқының саны 7 миллион адамнан азайды. Мұндай ақпарат БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің есептегішінде көрсетілген, деп хабарлайды bgnews

Қазақстандықтар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда халық саны өсті

Болгария халық санының жылдам азаюына алаңдаулы. Елдің қазіргі ахуалы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайдан да жаман. 1946 жылы Болгарияда 7 029 349 адам тұрған.

"Бұл жаман жаңалық…Болгарияның демографиялық ахуалы нашарлап барады, ол өлім аузында…Біз әлемдегі ең жылдам құрып бара жатқан ұлтпыз", — деді академик Петр Иванов. 

Порталдың мәліметінше, 29 маусым күні Болгарияда 120 сәби дүниеге келсе, 193 адам өмірден озған. 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жүргізілген халық санағына сәйкес, 1946 жылы Болгарияда 7 029 349 адам тұрған. Ал 1985 жылы тұрғындар саны 8 948 649 адамға жетті. Қазір Болгарияның демографиялық ахуалы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайдан да нашар, деп жазады басылым.


Жаңалықтар
0