Қоғам

Қазақстанда халық саны өсті

© SputnikҚазақстандықтар
Қазақстандықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарапшылардың пікірінше, урбанизация әсерінен ауылдарға қарағанда қала халқының саны едәуір артуда

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Қазақстан халқының саны 18,2 миллион адамнан асты.

Шымкент - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оңтүстік Қазақстан облысында халық саны 3 миллионға жуықтады

Ranking.kz сарапшылары қалаларда халық өсімі ауылдарға қарағанда жылдам деген қорытындыға келді. 

Жыл басынан бері қала халқының саны 1,7 %-ға өсті. Қазақстанның 16 өңірінің 12-інде қалалықтар саны артқаны байқалып отыр. Көш бастап тұрғандар – Алматы, Астана қалалары және Оңтүстік Қазақстан облысы. 

Ал ауыл халқының өсімі небары 0,8%-ды құраған. Жыл басынан бері ауыл халқы 12,9 мың адамға ұлғайып, 1 наурызда 7,74 миллион азаматқа жетті. Өсім тек елдің жеті облысында байқалды. Үздік көрсеткіштерді Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстары көрсеткен. 

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы халық өсімінің әркелкілігіне агломерация мен урбанизация процестері әсер етіп отыр.

Жаңалықтар
0