Өңірлер

Алматының қариялары гаджеттің қыр-сырын меңгермек

© Sputnik / Александр Уткин / Медиабанкке өтуЗейнеткер
Зейнеткер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мамандары қарттарға заманауи технологияларды үйретеді

АСТАНА, 30 маусым — Sputnik. Алматыда қарттарға арналған кітапхана, йога және аэробика залы, үстел ойындары, тоқыма үйірмесі және кинклубы бар "белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" ашылды, деп хабарлайды Sputnik.

Боксшы қолғабы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бокспен шұғылданып жатқан әже желідегілерді таңғалдырды

Зейнеткерлерге компьютермен жұмыс істеу, смартфондарды қалай пайдалану үйретіледі. Ниет білдірушілер болса, ағылшын тілі де оқытылмақ.

Әр апта сайын қариялар заңгерлік, психологиялық, медициналық кеңестерді тегін алады.

"80 келіп қалсам да, өте пысық әжемін. Тауға шығамын, әзірше таяқсыз, ал мұнда скандинавиялық жүрісті үйреніп жатырмын. Компьютерді де меңгергім келеді", — дейді орталыққа келуші Римма Калашникова.

Алматыда 222 мың зейнеткер тұрады, қала халқының 12,5%-н қамтиды.

Қазақстандық рэпер әжей бүкіл әлемге танылды>>

Жаңалықтар
0