АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Бокс қапшығын ұрып жатқан әженің видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. Олар бұл "GGG әже" болса керек деп қалжыңдап жатыр.
Видеожазба Instagram-дағы kazakh_video паблигінде жарияланды.
Әжейдің айтуынша, мұндай жаттығу денсаулығын нығайтуға зор септігін тигізген.
"Қолыма жақсы болды. Бұрын орамалымды таға алмай, киім кие алмай қиналатын едім", — дейді қартаң әйел.