Қоғам

Ескендір Сүлейменов қаза тапқан жол апаты: танымал тілші жазалануы мүмкін

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуФейсбук
Фейсбук - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ІІМ мәлімдегендей, Гүлжан Ерғалиева жалған ақпарат таратқаны үшін жазалануы мүмкін

АСТАНА, 29 маусым — Sputnik. Танымал қазақстандық тілші Гүлжан Ерғалиева жалған ақпарат таратқаны үшін жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Олжас Сүлейменовтің немересін қай дөкейдің қызы қаққаны белгілі болды

Полиция мәліметі бойынша, бұдан бұрын Ерғалиева Facebook желісінде "Дочь мента убила внука поэта" деген тақырыппен пост жариялаған.

ІІМ мәлімдегендей, Ерғалиеваның жариялаған ақпараты шындыққа жанаспайды, өйткені жол апатына күдікті қыз оқиға орнынан қашқан жоқ, тергеу амалдары аяқталғанға дейін сонда болды. Мұны бейнебақылау камералары мен істің басқа деректері растайды. Бұдан бөлек, медициналық сараптама бойынша қанында алкоголь табылмаған.

ІІМ атап өткендей, барлық тергеу амалы заңнама нормасына сай жүргізілген.

Үйленгелі жүр еді: Ескендір Сүлейменовтің өмірі жайлы жақын құрбысы айтып берді>>

"Астана ІІД тергеу басқармасы жалған ақпарат таратқаны үшін Гүлжан Ерғалиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жалған ақпарат тарату бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік 10 жылға дейін жаза мерзімін қарастырады", — делінген хабарламада.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан көз жұмды – оқиға орнынан видео

Құқық қорғау органдары Ерғалиеваға ескерту жасағанына қарамастан, жалған ақпарат тарату тоқтаған жоқ, деп мәлімдеді министрлік.

Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменов 22 маусымда жол апатынан ажал құшты. Танымал қазақ ақынының жалғыз ұрпағы мотоцикл рөлінде болған. Оны қаққан жүргізуші – Қызылорда облысы ішкі істер департаменті басшының қызы. Ол кепілмен босатылған.

Жаңалықтар
0