Әлем

Тәжікстанда газдың күрт қымбаттап кетуіне Қазақстан ықпал еткен

© Photo : Steve Buissinne Газ жанарғысының архивтегі фотосы
Газ жанарғысының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Тәжікстанға газ жеткізуді 40 пайызға қысқартқан, отынның бір тоннасының құны 384 доллардан 587 долларға дейін қымбаттаған

АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Тәжікстанда сұйылтылған газдың күрт қымбаттап кетуін Қазақстаннан көгілдір отынды жеткізудің 40 пайызға қысқаруымен байланыстырды. Бұл туралы тәжік нарығына газ жеткізумен айналысатын "Фароз" компаниясы мәлімдеді, деп хабарлады centralasian.org. 

мұнай өндіру операторы, архив - Sputnik Қазақстан
Экономика
Астанада мұнай-газ нарығының өзекті мәселелері талқыланады

Компания басшылығының 27 маусымда таратқан ресми мәлімдемесінде фирма елде газ бағасының көтерілуіне мүдделі еместігі айтылған. "Фароз" ішкі нарықтағы газ бағасын алдағы айларда арзандатуға уәде берді.

Бұған дейін Тәжікстанның монополияға қарсы қызметінің Соғды облысы бойынша басшысы Носир Акмалзода қазақстандық компания отынның бір тоннасының құнын 384 доллардан 587 долларға дейін өсіріп жібергенін мәлімдеген.

Көгілдір отын Қарағанды өңірінен көмірді ығыстырып шығара ма?>> 

Қазақстандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сұйылтылған газ бағасы Қазақстанда биыл қаңтар айында көтерілген. Мамыр айында қазақ парламенті газ және газбен қамту туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат өндірушілерге газдың көтерме бағасын шығын шықпайтындай етіп көтеруге мүмкіндік береді.

Бозымбаев: 2025 жылға қарай мұнай өндіру көлемін 104 млн тоннаға жеткіземіз>>

Жаңалықтар
0