Экономика

Астанада мұнай-газ нарығының өзекті мәселелері талқыланады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтумұнай өндіру операторы, архив
мұнай өндіру операторы, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келіссөздерге ірі мұнай компаниялары, мұнай өңдеу зауыттарының өкілдері және жанармай тұтынушылары қатысады

АСТАНА, 25 маусым— Sputnik. Астанада 27-28 маусымда нарықтың ірі ойыншыларының қатысуымен "Argus Қазақстан мен Орталық Азияның мұнай-газ нарығы 2018" халықаралық конференциясы өтеді. 

Мұнай өңдеу зауыты, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Экономика
Төртінші мұнай өңдеу зауытының қайда салынатыны күзде белгілі болады

Конференцияға ірі мұнай және көлік-логистикалық компаниялар, мұнай өңдеу зауыттары, жанармай тұтынушылары, сондай-ақ Қазақстанның атқарушы билігінің органдары қатысады. 

Конференцияда Роснефть, СИБУР, Nostrum Oil & Gas, Aria Petroleum, Euro-Asian Oil, Vitol Қазақстан, КТК-К, Тенгизтрансгрупп, УкрГазВидобування, сондай-ақ KAZENERGY қауымдастығы, Қазақстанның энергетика министрлігі мен Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері баяндама жасайды. 

Шараға қатысушылар Қазақстан және бүкіл өңір үшін маңызды мәселелерді талқылайды: 

 

  • Қазақстандық мұнай экспортын дамыту перспективалары. 2018 жылы Қазақстанның сұйылтылған мұнай газы (LPG) экспортының өзгеруі және 2018 жылы LPG импортын Тәжікстанға қайта бөлу;
  • Қазақстанның ішкі мұнай мен мұнай өнімдері нарығында мемлекеттік реттеу және баға белгілеу;
  • Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінде ақшыл мұнай өнімдері нарығын дамытудың негізгі тенденциялары;
  • Қазақстанда 2019 жылы газдың биржалық сатылымы;
  • Қазақстанның жанармай нарығының бөлшек сегментін дамыту;
  • Қазақстанның газ нарығында бағаның белгіленуі: Өзбекстаннан Тәжікстанға бағытталған сұйылтылған газ экспортының ықпалы;
  • Қазақстан Республикасында салық салу мен трансферттік баға белгілеу туралы заңнамадағы маңызды өзгертулер.

Конференцияның ұйымдастырушылары Argus Media – тәуелсіз баға агенттігі. Argus компаниясының белгілеген бағаларын әлемнің 140-тан астам мемлекеті қаржылық құралдар нарығында эталондық баға ретінде келісімшарт құнын есептеу, сондай-ақ нарықты талдау және стратегиялық жоспарлау үшін пайдаланады. 

 

Жаңалықтар
0