Өңірлер

Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды

CC0 / Džoko Stach / аспан
аспан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірқатар облыста күн аптап ыстық болады, ал енді кейбірінде қатты жел соғады

АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды. 

Женщина под зонтом - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

29 маусымда  Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, оның күші 15-20 м/с болады. Тұман түсуі ықтимал. 

Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. 

Ақмола облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ түсуі мүмкін. 

Астанада күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады. 

Күндіз 29-30 маусымда Маңғыстау облысында 43°С дейін өте қатты ыстық болады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күн 40-41°С дейін ысиды. 


Жаңалықтар
0