Қоғам

200 мың теңге айлығын азсынып Кореяға аттанған шымкенттік тәубесіне келді

© Photo : StelaDiШабадан
Шабадан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асылзат құрбысының күндік табысын ести сала ойланбастан жолға шығып кеткен

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Шымкент қаласының тұрғыны Асылзат жақын құрбысының шақыртуымен өткен жылы қараша айында Кореяға аттанған. Алайда үш ай бойы жұмыс таба алмай, елге қайтып оралыпты.

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Үйдегі пештің жарылуынан күйіп қалған бала Кореяға емделуге кетті

Otyrar.kz хабарлағандай, кұрбысы Кореяның бір қаласында қала шетіндегі мата шығаратын фирмада жұмыс істейді екен. Айтуынша, қыз балалар көбінесе түрлі фабрикаларда қара жұмыс немесе асханаларда тазалықшы болып еңбек етеді. Асылзат құрбысының күндік табысын естігенде ойланбастан кетіпті. Алайда, сөзбен айтылғандай оңай табыс жоқ екеніне сол елге барғанда көзі жетіпті.

"Бардым. Достарым қарсы алды. Бірақ жұмыс таппай бірнеше ай сонда жаттым. Мен мүмкін жұмыс тоқтаған мезгілде барған шығармын. Қыста жұмыс берушілер саны азаяды екен. Сол себептен бе, жұмыс таба алмадым. 3 айдан кейін елге қайттым. Өйткені бұл жақта айына 200 мыңдай айлық алатын жұмысым бар еді. Дегенмен соны да жеткізе алмай жүретінмін. Бар ойым – Кореяда жұмыс істеп, пәтер алуыма ақша жинап қайту болатын. Бәрі мен ойлағандай оңай емес екен. "Барыма шүкірлік етейін" деп қайтып кеттім. Бұрынғы жұмысымды істеп жүрмін. Өзге елде сұлтан болғанша өз елімде ұлтан болғаным артық екен", — дейді ол.

ҚР СІМ: Қазақстан қос Корея елі арасындағы саммиттің нәтижесін қолдайды>>

Иә, Асылзаттың қайтар жолға қаржысы болған. Ал ол жаққа барып не жұмыс таппай не қайтарға ақша таппай екі ортада сандалып қалатындар көп. Біздің азаматтардың қауіпсіздігі алдыңғы орынға шығуы тиіс. Кореяға аттанғандардың бәрі дерлік қыдырып не қызық қуып емес, керісінше көнкөрістің қамымен кеткен отандастарымыз. Дәл қазіргі таңда Кореяда қанша қазақстандықтың жалданып жұмыс істеп жүргені анық белгісіз.

Ким Чен Ынның қарындасы: екі Кореяны қосуды тездету керек>>  


Жаңалықтар
0