Қоғам

Үйдегі пештің жарылуынан күйіп қалған бала Кореяға емделуге кетті

© AP Photo / John LocherБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғам қайраткері Аружан Сайынның арқасында зардап шеккен балақай емделуге мүмкіндік алды

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Пештің жарылуынан зардап шеккен жеті жастағы Николай жанашыр жандардың қаражатымен Кореяға ем алуға кетті, деп хабарлады "Добровольное Общество "Милосердие" қоғамдық қоры.

Аружан Саин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Аружан Саин жарақаты салдарынан азап шегіп жүрген балаға көмектесуді сұрайды

Қордың берген мәліметі бойынша, былтыр жыл соңында Талғар қаласында қамқоршылық органдары қарауына алған баланың емделуіне шұғыл түрде қаражат жиналатыны жарияланған еді. Балақай бес жасында үйдегі пештің жарылуынан зардап шегіпті: киімі отқа оранған Николайдың денесінің 50%-ы күйіп қалған екен. Арада екі жыл өтсе де, жеткіншектің анасы баласын емдету үшін ештеңе жасамаған.

"Николай өсіп келе жатыр, күйіп қалған терісі тартылып, тырысып қалған. Сол себепті, жеті жасқа толған баланың мойыны мен басы, саусақтары бірігіп, жабысып өскен. Ауруы жанына батып, жеткіншек өскен сайын жағдайы нашарлап барады", — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын балаға Астанада операция жасалыпты, ал жасанды тері алмастыру үшін жеткіншекті Сеулдегі емханаға жеткізу керек. 

"Бүгін 23 ақпанда Николай Классен әлеуметтік қызметкермен бірге емделудің бірінші кезеңінен өтуге кетіп барады. Біз бұл сапардан кейін баланың өмірі түбегейлі өзгереді деп сенеміз. Жанына батқан ауруы басылып, жан жарасы да жазылады", — деп сенеді қор. 


Жаңалықтар
0