Әлем

Емтихан тапсыруға кеткен студенттің көлікте қалған екі қызы көз жұмды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел қайтып келгенде қыздары қатты қызған көліктің салонында ес-түзсіз жатқанын көреді

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Ресейдің Ростов қаласында аптап ыстықта көлікте қалған қыздар көз жұмды, деп жазды 161.ru. 

Ауруханадағы зембіл, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Ұлыма ешкім көмектеспеді – қапыда баласынан айырылған ананың жанайқайы

Өңірдің құқық қорғау органдары хабарлағандай, қаладағы Ворошилов ауданының тұрғыны бір жарым және үш жастағы балаларын 12 жастағы қызына қалдырған. Әйелдің өзі емтихан тапсыруға кетіпті.

Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған қыз балаларды ауладағы тұраққа қойылған көлікте қалдырып кетіп қалған. Әйел қайтып келгенде екі қызы қатты қызған көліктің салонында ес-түзсіз жатқанын көреді. Анасы оларды сыртқа алып шығып, "жедел жәрдем" шақырған. Өкінішке қарай, дәрігерлер оларды құтқарып қала алмады.   


Жаңалықтар
0