Әлем

Ұлыма ешкім көмектеспеді – қапыда баласынан айырылған ананың жанайқайы

© Sputnik / Максим МасловАуруханадағы зембіл, архивтегі фото
Ауруханадағы зембіл, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер қақпа басып қалған бала сол мезетте көз жұмғанын анықтаған. Милиция Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 258-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады

АСТАНА, 25 маусым — Sputnik. Бішкекте футбол қақпасы басып қалған 11 жастағы бала көз жұмды. Ленин ауданының ІІБ қылмыстық іс қозғады, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

Теледидар. Архивтегі фото - рекадр - Sputnik Қазақстан
Түнгі клубқа туған күнін тойлауға барған әйелдің ажалы теледидардан болды

Жасөспірімнің анасы Нестан Исабекова өткен аптаның сәрсенбісінде ұлы өзінен 10-15 жас үлкен ер адамдармен футбол ойнағанын айтады. Олар қақпа құлап кеткен кезде тіпті балаға көмек беруге де тырыспаған.   

"Маған көрші бала жүгіріп келіп, Аланға қақпа құлап кетті деді. Дереу футбол алаңына барып, ұлымды ауруханаға алып бардым. Дәрігерлер ол жан тапсырғанын айтты… Оның өмірінің соңғы минуттарында мен видеобақылау камерасының жазбасын қарап шықтым. Онда алаңның Алан жүрген бөлігінде не болғаны көрінбейді: объективке әлгі ер адамдар ғана түсіп қалған. Олар доп теуіп жүріп, бір кезде қақпа жаққа жүгіріп кеткені көрініп тұр. Куәгерлер ол адамдар қақпаны көтеріп, тіпті "жедел жәрдем" шақырмай, кетіп қалғанын айтты", — дейді Нестан.

Дәрігерлер бала сол мезетте көз жұмғанын анықтаған. Милиция Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 258 "Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр, барлық қажетті сараптама тағайындалды. 


Жаңалықтар
0