Қоғам

Астана билігі "сақалды" құрылыстардағы крандарды алып тастауға кірісті

© Sputnik / Болат ШайхиновҚұлаған кран, архивтегі сурет
Құлаған кран, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада 49 құрылыс краны орнатылған, оның 10-ы адам өміріне қауіпті деп танылды

АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында қаладағы "сақалды" құрылыстарда қаңтарылып тұрған крандарды алып тастау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Еске сала кетейік, құрылыс сапасына арналған жиында қала әкімі құрылысы тоқтап тұрған нысандарға ревизия жүргізуді тапсырған болатын.

Құрылыс материалдары - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавлда жұмысшының үстіне құрылыс плитасы құлап кетті

Тексеріс нәтижесі бойынша қалада құрылысы тоқтап тұрған 32 нысан бар екені анықталды. Осы нысандарда жалпы 49 құрылыс краны орнатылған, оның 10-ы адам өміріне қауіпті деп танылды. Олардың ішіндегі ең қауіптілері рельсті КБ-403, КБ-405 түрдегі крандар. Бұл арада не құрылыс компаниясы, не кран иесі өз мүліктеріне дұрыс қарап, күзет қоймағаны себепті крандардың қауіпсіз жұмыс істеуіне керек механизмдер мен тетіктер тоналған. Мұндай олқылықтар күшті жел мен дауылды күндері крандардың құлауына себеп болуы мүмкін.

Астанада кран құлап, 29 жастағы жігіт қаза тапты>>

Осыған байланысты оқыс жағдайлардың алдын алу үшін Астана әкімдігі мен Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бірлесіп, құрылысы тоқтап тұрған нысандарда күзет арттырылып, құрылыс крандарын қадағалау күшейтілген. Тексеріс қорытындысы бойынша 35 кранның иесі анықталды, 11 кран бойынша толықтай немесе жартылай демонтаж жүруі тиіс, ал 12 кранға арест қойылып, екеуі толықтай алынып тасталған.

Айта кетейік, қазіргі кезде қаладағы құрылыс нысандарында 650 құрылыс краны жұмыс істеуде.

Жаңалықтар
0