Өңірлер

Петропавлда жұмысшының үстіне құрылыс плитасы құлап кетті

© Sputnik / Сергей Венявский / Медиабанкке өтуҚұрылыс материалдары
Құрылыс материалдары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жекеменшік аумақта жүк түсіру кезінде құрылысшыны бетон плита басып қалған

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Петропавлда құрылыс алаңында үстіне бетон плита құлап кеткен жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 6 қаңтар күні құрылыста болған.  

Дәнекерлеуші - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында дәнекерлеуші 4-қабаттан құлап мерт болды
"Петропавл ІІБ бірінші полиция бөлімінің тергеушілері құрылыс нысанында жұмысшының қаза болу фактісі бойынша ҚР ҚК 156-бабы (еңбек қорғау ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сараптамаларды жүргізу нәтижесінде шешім қабылданады", — деп атап өтті ІІД.

Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мамандарының айтуынша, қайғылы оқиға жекеменшік, қоршалмаған аумақта болған.  

"Жекеменшік аумақтағы құрылыс алаңына құрылыс плиталарын алып келген. Жүкті түсіру кезінде бір плита құлап кетіп, 1976 жылы туған ер адамды басып қалған", — дейді инспекциядағылар.


Жаңалықтар
0