АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Жақсы ауылында төртінші қабаттан құлап қалған дәнекерлеуші қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігіне Ақмола облысының ішкі істер департаменті.
Жақсы ауылының полициясына қайғылы оқиға туралы жергілікті ЖШС директоры хабар берген. Ол 1980 жылғы Самарка ауылының тұрғынын орталық аудандық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің қойған диагнозы: дене жарақаты, жабық бас сүйек-ми жарақаты, қабырғаларының сынуы, миға зақым келуі. Ер адам есін жимастан 20 желтоқсан күні көз жұмды.
Анықталғандай, қаза тапқан ер адам дәнекерлеуші болып істеген. Жақсы ауылындағы нысанда дәнекерлеу жұмыстарын орындау кезінде 4-қабаттан құлап кеткен.