Қоғам

Сот Алма-ТВ басшысын қамауға алуға санкция берді

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСот балғасы, архивтегі фото
Сот балғасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұргүл Ертаева мен Александр Пархоменко екі айға сырттай қамауға алынды

АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Bank RBK-ның бұрынғы тәуелсіз директоры Нұргүл Ертаева мен Алма-ТВ директорлар кеңесінің басшысы Александр Пархоменко екі айға сырттай қамауға алынды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жедел жәрдем қызметкерімен жанжалдасқан жүргізуші қамауға алынды

Бұлтартпау шарасын Медеу аудандық № 2 соты санкциялады. Ертаева мен Пархоменко аса ірі көлемде алаяқтық жасады (ҚР ҚК 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы) деген күдікке ілінді.

"Алматыдағы Медеу аудандық №2 сотының тергеуші судьясы іздеу жарияланған күдікті Нұргүл Ертаеваны қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады, Александр Пархоменкоға қатысты да сондай шешім қабылданды", – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросының өтінішімен Жомарт Ертаев Мәскеуде тұтқындалған болатын. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болды. Қазіргі таңда Ертаев үй қамақта отыр. 

Жаңалықтар
0