Өңірлер

Жедел жәрдем қызметкерімен жанжалдасқан жүргізуші қамауға алынды

© AFP 2024 / DANIEL SANNUM LAUTEN Кісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол үстінде жанжалдасқан алматылық жүргізушіні қалай жазалағаны белгілі болды

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Алматыда жол үстінде жедел жәрдем жүргізушісі және дәрігермен жанжалдасқан Daewoo Nexia көлігінің иесі ұсақ бұзақылық үшін жазаланды. Тиісті қаулы туралы Sputnik Қазақстанға Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлаған.

Bek Air - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкенттен шыққан жолаушылар ұшақта жолсерікті соққыға жықты

"Алматы қаласы мамандандырылған әкімшілік ауданаралық сот қаулысымен А. есімді азамат 434-бап 1-тармақ бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза ретінде үш тәулікке қамауға алынды", — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Қаулы 28 мамырда шығарылған, баспасөз қызметі өкілінің сөзіне сүйенсек, қазір құқық бұзушы жазасын өтеп жатыр.

Бұдан бұрын Instagram желісінде Алматы тұрғыны Элени Хондолиди жедел жәрдеммен немересін ауруханаға әкеле жатқанда түсірген видеосын жариялады. Жеңіл көлік жүргізушісі фельдшермен жол үстінде жанжалдасқан. Хондолиди айтуынша, Daewoo Nexia иесі жедел жәрдем көлігінің жүруіне кедергі жасапты. 

Алматы ІІД баспасөз қызметі келесі күні жүргізушінің ұсталғанын хабарлаған.

Жаңалықтар
0