Оқиға

Шымкенттен шыққан жолаушылар ұшақта жолсерікті соққыға жықты

Жазылу
Bek Air әуекомпаниясы хабарлағандай, мас жолаушылар экипаж мүшелерін балағаттап, қол көтерген

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Bek Air әуекомпаниясы Шымкент — Астана рейсін орындаған ұшақтағы оқиғаның куәгерлерін іздеп жатыр.

Ұшақта үш жолаушы төбелесіп қалды - видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Ұшақта үш жолаушы төбелесіп қалды - видео

Оқиға 14 сәуірде болыпты. Әуе компаниясының мәліметінше, екі мас жолаушы экипаж мүшелеріне тіл тигізіп, бірі аға жолсерікті бірнеше рет ұрған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын Астана әуежайындағы көліктегі полицияның желілік бөлімі тергеп жатыр.

Іс аясында аға жолсерік пен екі жолаушыны беттестірген. Алайда басқа шаралар әлі қолданылмапты. Bek Air атап өткендей, оқиғаға куә болған өзге жолсеріктер мен жолаушылардан жауап алынған жоқ.

"Осы рейсте болып, оқиға туралы мәлімет бергіңіз келсе, бізге жеке хабарлама жолдаңыз", — деп хабарлады әуе компаниясы Instagram парақшасында.

Жаңалықтар
0